Алматы облысында заңсыз алкоголь шығарған цех анықталды
07.07.2022 15:04
Фото:
ашық дереккөз
Алматы облысында жалған таңбалары бар алкоголь өнімдерін шығарған жасырын цех табылды, деп хабарлайды El.kz
Тексеріс кезінде Іле ауданының тұрғыны ішімдіктерді дайындағанда санитарлық талаптарды сақтамаған. Оқиға орнында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылды.
«ҚМА Алматы облысындағы департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде қолдан жасалған алу бақылау таңбалары бар суррогат алкоголь өнімдерін өндірген жасырын цехты жойды. Спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша тергеу басталды», - деді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

