Жаңалықтар

Алматы облысында ғасыр жасаған кейуана референдумға қатысты

Фото: Baq.kz
Алматы облысында ғасыр жасаған кейуана референдумға қатысты
05.06.2022 11:03 1148

Алматы облысында алғашқылардың бірі болып Жаркент қаласының тұрғыны, 100 жастағы Зейнелхан Оспанова референдум учаскесіне келіп, өз дауысын берді, деп хабарлайды El.kz baq.kz-ке сілтеме жасап

12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері саналы ғұмырындағы барлық саяси науқандарға белсенді қатысып келеді. Әсіресе соңғы 30 жылдағы барлық сайлау мен референдум есінде қалғанын айтады.

«Ұрпақтарым аман болсын! Артымыздағы жастар аман болсын! Жаркентіміз көркейе берсін. Қазақстанымыздың жақсы бір азаматтары болып өссін! Жастарымыз аман болсын! Өсе берсін! Қазағымыздың санын көбейте берсін», - деді Зейнелхан Оспанова.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысы бойынша 1053 учаске өз есігін айқара ашты. Өңірде дауыс беру құқығына ие электорат саны 1 млн 200 мыңнан асады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға