Алматы қаласы қайта «сары» аймаққа өтті
04.07.2022 16:31
Фото:
24.kz
Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz
Зерттеулер бойынша бүгінде COVID-19 жұқтырғандар санының артуына стелс-омикрон әсер еткен.
Бұған дейін коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде қолға алынатын шаралар туралы айтқан болатын. Оған сәйкес:
- науқаспен байланыста болған адамдар қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;
- коронавирусқа қарсы екпе алуға қарсы көрсетілімдері бар адамдар және жүкті әйелдер қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;
- жабық мекемелер мен қоғамдық көліктерде маска тағу міндеттеледі;
- 10 және одан көп адам қатысатын жиындар онлайн форматта өткізіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

