«Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
29.07.2024 11:33
605
Алматы қаласы жастарына арналған тұрғын үй ипотекасы бағдарламасына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие алу үшін 35 жасқа дейінгі жастар 29 шілде мен 7 тамыз аралығында almaty-zhastary2024.kz сайты арқылы өтініш беруі керек. Оған электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
Бағдарлама аясында несие беру шарттары:
- Қарыздың ең көбі – 18 млн теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
- Бастапқы жарна – 10%;
- Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі.
Биыл 1 200 адам қамтылады деп жоспарланған. Оларға қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- Өтініш беру кезінде өтініш берушінің және жұбайының (бар болса) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы;
- Өтініш беру кезінде қатысушы 35 жасқа толмауы керек, ал жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;
- Қатысушының және оның отбасы мүшесінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ, Қазақстан аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату дерегінің болмауы.
- Қатысушының Алматы қаласында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ғылыми-зерттеу институты, журналистика, әлеуметтік салада, құқық қорғау органдарында, қалалық коммуналдық қызметтерде және «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша жалдамалы жұмыс (2019 жылы желтоқсан) санаттарында ең кемі соңғы 6 ай бойы міндетті зейнетақы аударымы бар жұмыс өтілі болуы қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2026 жылға дейін елімізде 369 мектеп салынады
Келесі жаңалық
2025 жылдың 1-4 қаңтары демалыс күндері болып белгіленді