7 Наурыз, 15:59

«Алматы, Я люблю тебя!» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті

Сүйемін сені, Алматы!» (түпнұсқасы – «Алматы, Я люблю тебя!») фильмінің алдын ала көрсетілімі 2024 жылдың 4 наурызында Алматыда, 5 наурызда Астанада өтті.

Ал 7 наурызда Қазақстанда кең көлемдегі прокатқа шығады.  
Фильмді «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Black and White Production компаниясы түсірді.

Фильм қазақстандық кинода сирек кездесетін киноальманах форматында түсірілген. Ол комедия, драма және мелодрама жанрындағы 6 хикая новелладан тұрады.

Бөлісу: