Алматы вокзалының қызметкерлері 200 млн теңгеге тауар ұрлаған
16.01.2025 10:44
Фото:
©El.kz/Артем Чурсинов
Бас көлік прокуратурасы 16 қаңтар күні шетелден келген тауарларды ұрлаған қойма қызметкерлеріне қатысты мағлұмат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) қызметкерлерінің тобына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Күдіктілер ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сату үшін контейнерлер ішіндегі тауарларға қол жеткізген ақпаратты пайдаланған, - делінген прокуратура мәліметінде.
Келтірілген шығын 200 млн теңгеден асып, отандық және шетелдік компанияларға зардап келтірілді.
Жетісу көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

