Алматы әуежайында контрабандалық жолмен әкелінген заттар тәркіленді
Фото: almaty.kgd.gov.kz
Фото: almaty.kgd.gov.kz
14.10.2022 23:04
1210
Брэнд компанияның декларацияланбаған техникалары Дубайдан ұшып келген ұшақта болған, деп хабарлайды El.kz.
Атап айтқанда, IPhone 14 және Iphone 13, Mackbook пен AirPods-тың 70 данасы белгілі болды. Заңсыз өтпек болған өнімдерді кедендік бақылау қызметіндегілер анықтады. Бұл тауарлардың бір данасының бағасы нарықта 450 мың теңге тұрады.
"Тауарлар уақытша ұстау қоймасына қойылды. Экономикалық тергеу департаменті ҚК-тің 234 бабына сәйкес іс жүргізіп жатыр", — деп мәлімдеді мемлекеттік кіріс департаментіндегілер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда тұрғыны көлігімен аса ірі мөлшерде есірткі тасыған
Келесі жаңалық
Қыз баланың әкесі атанғым келеді - Тәуекел Мүсілім