Алматы тұрғынының өліміне қатысты іс бойынша тергеу жалғасуда
Алматы қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы 2023 жылдың шілде айында Алматы тұрғынының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу аясында қажетті материалдар жинақталып, сараптамалық талдаулар жасалуда, куәлардан жауап алынып, бейнежазбалар мұқият зерделенуде. Сонымен қатар, заңда көзделген өзге де процессуалдық шаралар атқарылып жатыр. Іс бойынша тергеу барысы Департамент басшылығының ерекше бақылауында, - деп жазылған Алматы қалалық ПД мәліметінде.
Полиция департаменті марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасатынын жеткізді. Соңғы процессуалдық шешім барлық тиісті сараптамалар қорытындылары шыққаннан кейін және қажетті тергеу әрекеттері толық аяқталған соң қабылданатын болады.

