Фото: © istockphoto.com

Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

2 қараша күні Алматыда ауа сапасы нашарлап, қала тұрғындары мен қонақтарына ашық ауада ұзақ болмау туралы ескерту жасалды,деп жазады El.kz интернет порталы.

Мамандардың мәліметінше, 2 қараша күні оңтүстік астанада жағымсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Алматыда 2 қарашада атмосфералық ауаның ластануына қолайлы метеорологиялық ахуал қалыптасады, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Жағымсыз метеожағдай – бұл тұрақты ауа райы құбылыстарының (штиль, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, нәтижесінде жер бетіне жақын қабатта зиянды заттар жиналып, ауаның ластану деңгейі жоғарылайды.