Алматы цифрландыруға дайын Азия қалаларының бестігіне кірді
Алматыда цифрландырудың ену деңгейі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштің бірі болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір қалада мемлекеттік қызметтердің 96%-ы цифрлық форматта жүргізіледі әрі бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді. Бұл туралы V халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумының ашылуында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Былтыр шілдеде Алматы алғаш рет Thoughtlab (Нью-Йорк) әлемдік жетекші зерттеу компаниясының нұсқасы бойынша цифрлық даму стратегияларының әзірлігі дәрежесі бойынша Азия қалаларының алғашқы бестігіне кірді.
Өткен жылдың қыркүйек айында Алматы Almaty Data Lake - бірыңғай деректер қоймасы жобасымен IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық «Ақылды қалалар» байқауының финалисті атанды.