Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі табылды
Мөлдір Қайнар тілші
Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді.
Қаза болған. Табылды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, – делінген еріктілер жариялаған хабарламада.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылғанын растады.
Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген.

