Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы тауларында жарақат алған турист құтқарылды

Алматы облысы Талғар ауданындағы Сол жақ Талғар шатқалында демалыста жүрген туристік топтың бір мүшесі аяғынан жарақат алып, өздігінен жүре алмай қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу аттанды. Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа жету үшін таулы, қиын жолдармен жаяу жүруге мәжбүр болды. Зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол арнайы зембілмен 3200 метр биіктікте орналасқан тік және тасты тау соқпақтарымен төмен қарай эвакуацияланды.

Құтқару жұмыстары күрделі жағдайда өтті: қиын жер бедері, сондай-ақ зардап шеккен адамның салмағы 90 келіден жоғары болған. Соған қарамастан, құтқарушылар кәсіби және үйлесімді әрекет етті,-деп атап өтті министрліктен.

Ер адам сәтті эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.