Алматы тауларында үш жас турист құтқарылды
02.05.2025 22:07
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Алматы қаласында үш турист Іле Алатауы Көк Жайлау тауына көтеріліп, ауа райының нашарлауына байланысты өз бетінше төмен түсе алмай, құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жеткен. Құтқарушылар 8 шақырымды жүріп өтіп, теңіз деңгейінен 2240 м биіктікте жасөспірім туристерді тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Осы ретте министрлік таулы жерлерде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Туристерге ауа райы жағдайларын ескеру, керек-жарақтарды дұрыс таңдау және құтқару қызметтерін көтерілу бағыты туралы алдын ала хабардар ету ұсынылады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

