El.kz

Алматы тауларында құтқарушылар туристке көмекке келді

20.10.2025 01:27

Бүгін Комби 2 ауданында 1990 жылы туған ер адам Богданович мұздығынан төмен түсу кезінде аяғын жарақаттап алып, қозғалысын жағастыра алмаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары "Тұйық-Су" құтқару бекетінен жедел түрде оқиға орнына шықты. Байланыс үзілмей, геолокация белгілі болғандықтан, зардап шеккен азамат жылдам табылған.

Құтқарушылар туристі «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына дейін жеткізді. Медициналық көмектен бас тартқан азамат жолын өз бетімен жалғастырды. 

Бұл ретте ТЖМ таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.