Алматы тауларында адасып қалған Ұлыбритания азаматы табылды
29.06.2024 09:26
Фото:
ТЖМ
ТЖМ кинологтары адасып кеткен Ұлыбритания азаматын құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Алматы облысының Ақтас үстірті ауданындағы таулы аймағында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында адасқан Ұлыбритания азаматын тапты. Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген хабарламада.

