ҚР ТЖМ

Алматы тауларында адасып кеткен вьетнамдық турист табылды

13.05.2025 01:25

12 мамыр күні күндіз ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Вьетнам азаматын іздеу жұмыстарын жүргізу үшін Бостандық ауданының тауларына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нақтыланған мәліметтер бойынша ол теңіз деңгейінен 2510 м биіктікте тауға көтеріліп, адасып кеткен.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар Үлкен Алматы көлі ауданына Шүкір асуы бағытына 5 км жүріп өтіп, адасқан туристті тапты. Оған медициналық көмек қажет емес еді.

Іздеу жұмыстарына кинологиялық есеп және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.