Жаңалықтар

Алматы салықтары республикалық бюджеттің 28%-ын қамтамасыз етеді

Алматы салықтары республикалық бюджеттің 28%-ын қамтамасыз етеді
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 09.08.2023 21:12 1124

Бұл туралы мәслихаттың VII сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді. Ол өз сөзінде Алматы республика бюджеті үшін негізгі донорлардың бірі болып қала беретінін ерекше атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы бірнеше жылдан бері республикалық бюджетке берілетін салық түсімдері бойынша көшбасшылардың бірі болып келеді.

Оқи отырыңыз:

2023 жылы мемлекеттік бюджетке түсетін қаржы көлемі шамамен 3 трлн теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджетке 2,1 трлн теңге немесе 72%. Қаланың жергілікті бюджетіне түсетін түсімдер 129%-ға асыра орындалды және 843 млрд теңгені құрады, - деді Асқар Әмрин депутаттарға.

Кірістер өсуінің жоғары қарқынын ескере отырып, мегаполис үшін жалпы сомасы 81,9 млрд теңгеге негізгі жобаларды қосымша қаржыландыруға мүмкіндік туды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға