"Алматы-Қорғас" тас жолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті
19.11.2023 16:18
Фото:
Видеодан кадр
Жол апаты 18 қарашада Жаркент қаласының маңында екі Аудидің қатысуымен орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.
Автокөліктер "Алматы-Қорғас" тас жолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рульге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берді. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері өшірді.
Полиция апаттың барлық жағдайларын мұқият анықтауда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

