Жаңалықтар

Алматы қазынасына 45 млрд теңге салық түспей қалған - депутат

Алматы қазынасына 45 млрд теңге салық түспей қалған - депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 02.05.2024 17:00 606

Республикадағы облыстар арасында халық саны бойынша Алматы облысы (1млн 533 мың адам) Түркістан облысынан (2142,1 мың адам) кейінгі екінші орында. Бұл ретте, Алматы облысының жергілікті бюджетінің орталыққа төмен дотациялық тәуелділігін ескеру қажет. Осылай деген депутат Жанарбек Әшімжан Алматы облысы бойынша жергілікті салықтардың орындалмауы бойынша Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы субвенция көлемі 29% немесе 185 млрд теңгені құрады, яғни шығыстардың 71% облыстың меншікті кірістері есебінен қаржыландырылады. Ал Түркістан облысы бойынша орталық бюджетке тәуелділік 976,7 млрд теңгені (86,9%), меншікті кірістер 147,5 млрд теңгені (13,1%) құрады. Бұл бюджет шығыстарының тұрақтылығын негіздейтін нақты фактілер.

Өткен жылы Алматы облысының қазынасына 45 млрд теңге жергілікті салық түскен жоқ. 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы ҚР Заңының көлемінде 2023 жылға 445 млрд теңге сомасында жеткізілген кірістердің болжамы 89,9% орындалды немесе облыс бюджетіне 400,3 млрд теңге түсті.

Өздеріңіз білетіндей, Алматы облысында табыстың негізгі көзі екі жүйе құраушы компаниядан темекі өнімдеріне акциздердің түсімдері (табыстың жалпы көлемінен үлесі 45,6%). Олар бүкіл Қазақстан мен таяу шетелдік нарықты қамтамасыз етеді. Тиісінше, кез келген жағымсыз форс-мажорлық жағдайлар облыс бюджетінің қаржымен қамтамасыз етілуіне айтарлықтай кері әсер етеді. Осылайша, ішкі нарықта өнімнің сатылу көлемінің төмендеуіне байланысты кірістердің тапшылығы 27 млрд теңгені құрайды. Оның себебі үлкен көлемде контрафактілік өнімнің болуы және темекі шегушілердің қыздырылатын темекіге ауысуы, - дейді мәжілісмен.

Сондай-ақ, кейбір салық түрлерінің түспеуінің бірқатар объективті себептері бар. Оның ішінде букмекерлерден түсетін жеке табыс салығы (30 млрд. теңге, бұл соңғы ойын сессиясының қорытындылары бойынша салық салынатын соманы есептеу бойынша есептеулердің өзгеруіне байланысты) және корпоративтік табыс салығы бойынша (27 млрд теңге, 30 ірі төлеушінің РБ-ға ауысуымен және республикалық бюджеттің 18,8 млрд теңгеге теңгерілуімен байланысты болды).

Алматы облысы әкімдігінің бірнеше рет өтініші бойынша және Экономика және Қаржы министрліктерінің 45 млрд теңгеге кассалық алшақтықты растайтын қорытындысы негізінде 2023 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттің мүмкіндігіне қарай 28 млрд теңге сомасында Үкімет резервінен көмек көрсетілді.

Биыл 1 қаңтарға 17 млрд теңге сомасында бюджеттік міндеттемелер төленбей қалды.

Облыста тұрақты жағдайды сақтау үшін ағымдағы жылдың жоспарланған қаражаты есебінен өткен жылдың берешегін төлеу бойынша шешім қабылданды, оның ішінде қабылданып кеткен міндеттемелерді босату және азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмайтын ерекшеліктерден қаражатты жылжыту есебінен (жалақы қоры, коммуналдық шығыстар, әлеуметтік төлемдер және т. б.) төленді. Енді ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында бұл шығыстардың орнын толтыру қажет, - дейді Жанарбек Әшімжан.

Алматы облысы бойынша жергілікті салықтардың орындалмауы бойынша қалыптасқан объективті мән-жайлар бюджеттің қолданыстағы үш жылдық кезеңінің келесі екі жылында қисынды жалғасын табатыны сөзсіз. Алдын ала есептеулер бойынша ағымдағы жылы болжамның ықтимал шығындары шамамен 40 млрд теңгені құрайды.

Жалпы бюджет әлеуметтік бағдарланған, яғни жергілікті бюджеттің жалпы көлемінен (РБ-дан нысаналы трансферттерді есепке алмағанда) әлеуметтік салаға 64,2% (438,6 млрд.теңге) қаражат бағытталғандығын ескеру қажет.

Бұл ретте, Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін және облысты дамыту бағдарламасында қаралған іс-шараларды шешуге 2024 жылы әлеуметтік саланың ағымдағы шығыстары бойынша 42 млрд теңгеге қаржы тапшылығы бар (1-4 сыныптарды тамақтандыру, мектепке дейінгі білім берумен 100% қамтуға дейін жеткізу, медициналық және мектеп жабдықтарын сатып алу, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу және тағы басқа), - дейді депутат.

Бұдан басқа, ҚР Президентінің Жарлығын орындау мақсатында, Қонаев қаласына көшуге байланысты облыс орталығы мен агломерацияны дамытудың Кешенді жоспарларын іске асыру бойынша көлемді жұмыс күтіп тұр. Оған инженерлік, энергетикалық, әлеуметтік, жол және әкімшілік нысандарды салу жөніндегі іс-шаралар кіреді.

Облыстағы қалыптасқан жағдайға көңіл бөліп және 2023 жылғы өтпелі қарыздарды өтеуге бағытталған биылғы жылдың қаражатын қалпына келтіруге (16,7 млрд) ықпал етуіңізді сұраймыз. Сонымен қатар, республикалық бюджетті нақтылау кезінде, 2024-2025 жылдардағы жергілікті кірістер болжамының орындалмауы ескеріліп, облыс бюджетінің теңгерімділігіне нысаналы трансферттер бөлінуі қажет, - дейді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға