Алматылық құтқарушылар бір мезгілде екі өртті сөндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші оқиға Наурызбай ауданының Қалқаман шағын ауданында болған. Тұрғын үйдің жертөлесінде макулатура жанып кеткен.
Тұрғындар пәтерінен өздері шыққан. Алматылық құтқарушылар өртті
шақыртудан кейін жарты сағаттың ішінде тілсіз жауды сөндірді.
Екінші оқиға Жетісу ауданындағы жеке тұрғын үйде орын алды. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі қазіргі таңда анықталып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

