Жаңалықтар

Алматы прокурорлары «Қазақстан» шипажайын қайтарды

Алматы прокурорлары «Қазақстан» шипажайын қайтарды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 19.02.2024 15:18 1029

2013 жылы шипажай директоры «Қазақстан» шипажайының барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін директор мен басқа да тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Несие беру кезінде банк шипажайдың төлем қабілеттілігіне талдау жүргізбегені анықталды. Осыған қарамастан 2022 жылы сотпен жалпы 3 млрд теңге қарызды өндірді.

Алматы қаласы прокуратурасының апелляциялық шағымы бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, бұл сома 1,8 млрд теңгеге дейін қысқартылды.  

Өз кезегінде Медеу ауданының прокуратурасы кепіл шартының заңсыздығы мен жарамсыздығына байланысты оны жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.     

2023 жылы 12 қаңтарда прокурордың талап арызы Алматы қаласы АМЭС-пен қанағаттандырылды.

Осылайша, прокуратураның шараларымен құны 7 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік санаторий заңсыз кепілден алынып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға