Жаңалықтар

Алматы прокурорлары есірткі таратқан Telegram-арналарды бұғаттады

Алматы прокурорлары есірткі таратқан Telegram-арналарды бұғаттады
Фото: Бас прокуратура 24.10.2024 09:56 341

Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 Telegram-арнаны бұғаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар «закладчик» жұмысы ұсынылғаны анықталды.

Қалалық прокуратура мәліметінше, сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды.

Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (есірткіқұралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау), одан әрітергеу үшін полицияға жолдады, - делінген мәліметте.

Алматы қаласының прокуратурасы жедел бұғаттау үшін азаматтарды ұқсас интернет-ресурстар анықталған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға