Видеодан алынған кадр

Алматы прокуратурасы екі қылмыскерді Түркиядан қайтарды

28.03.2024 21:28

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.

Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған.

28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды.