Жаңалықтар

Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Фото: © Pixabay.com 07.12.2023 19:43 721

Киберпол қазіргі уақытта интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, олар қол жетімді барлық контактілерге әртүрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтінді жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді.

Күдіктілер зиянды сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қол жеткізе алатыны белгілі болды. Осыған орай, Алматы полициясы азаматтарды, әдетте, ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және т.б. түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ жеке деректерді енгізбеуді ескертеді және шақырады, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Кездейсоқ күдікті сілтемені бастым деп күмәндансаңыз, Whatsapp қолданбасына өтіп, өзгертулер бөліміне кіріп, “байланыстырылған құрылғыларға” өту арқылы Whatsapp аккаунтыңызға параллель кіруді тексеруге болады. Ол жерде сіз қосылмаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, осы сессиядан дереу шығыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға