Жаңалықтар

Алматы полицейлері боди-массаж жасайтын салонды анықтады

Алматы полицейлері боди-массаж жасайтын салонды анықтады
Фото: © Polisia.kz 20.06.2023 21:22 2182

Алматының тұрғын алабында интимдік қызмет көрсеткен массаж салоны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Біздің бөлімшенің қызметкерлері Таугүл-3 ықшамауданындағы үйлердің бірінде сауықтыру кешенінің атын жамылған боди-массаж жасайтын салонды анықтады. Ғимараттың барлық бөлмелері клиенттерді қабылдау үшін жабдықталған. Тексеру барысында “жұмыс орнында” бес қыз бен үйді жалға алушы ұсталды. Олар жеке басын анықтау және біздің жазбалар бойынша тексеру үшін бөлімшеге жеткізілді. Ғимаратты жалға алушы К.есімді азаматша жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген ғимараттың иесін міндетті түрде анықтаймыз. Бұл да заңға қайшы әрекет, – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға