Жаңалықтар

«Алматы-Петропавл» бағытындағы пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болды

Бұл туралы  «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді
«Алматы-Петропавл» бағытындағы пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Фото: vagon-vokzal.ru 21.09.2022 09:36 725

Бүгін техникалық себептерге байланысты «Астана-Петропавл» учаскесінде №105 «Алматы-Петропавл» пойызы жөнелтілмейді, деп хабарлайды El.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 04.27-де «Алматы-Петропавл» бағытындағы №105 жолаушылар пойызы «Қарағанды-Астана» учаскесінде шұғыл тоқтаған, техникалық вагонның ақауына байланысты аялдауға мәжбүр болған.

Пойыздағы адамдардың сыйымдылығы - 53%. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттарына сәйкес жолаушыларды межелі орындарына жеткізуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысып жатыр.

«Алматы-2-Нұр-Сұлтан» бағытындағы №3 пойызға Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясына дейін, одан әрі Петропавл станциясына дейін жолаушыларды ауыстырып отырғызу жоспарлануда.

Тергеу жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы құрылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға