Жаңалықтар

Алматы - Өскемен тас жолының бойында жол апаты орын алды

Оқиға орнынан аудандық ауруханаға 6 адам медициналық тексеруге жеткізілді
Алматы - Өскемен тас жолының бойында жол апаты орын алды
Фото: polisia.kz 26.03.2023 17:25 1280

Алматы - Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысы Көксу ауданында тіркелді. Алматы - Өскемен тас жолының 203-шақырымында Toyota Gracia автокөлігі мен Mercedes-Benz эвакуаторы соқтығысты.

Оқиға орнынан аудандық ауруханаға алты адам медициналық тексеруге жеткізілді. Олардың бірі - кәмелетке толмаған бала.

Жүргізушілердің қайсысы жол апатына себеп болғаны тергеу барысында анықталады.

Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмысын жалғастыруда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға