Алматы-Өскемен тас жолында жеңіл автокөлік жүк көлігінің астына кіріп кетті
07.06.2023 22:55
Фото:
© Polisia.kz
МАN жүк көлігі мен Volkswagen Passat жеңіл автокөлігінің қатысуымен болған жол апатында екі адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін таңертең Алматы-Өскемен тас жолының 466 шақырымында жол апаты болды. Болжам бойынша, 42 жастағы неміс шетел көлігінің жүргізушісі зорығып, рульде ұйықтап кетуінің салдарынан, қарама-қарсы жол жиегінде тұрған жүк көлігінің астына кіріп кеткен.
Ауруханаға бес адам жеткізілді, олардың екеуі ауыр жарақат алды. Медициналық тексеруден кейін үш жолаушы амбулаториялық емделуге жіберілді.
Екі көлік арнайы автотұраққа қойылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

