Алматы-Өскемен тас жолында желден жүк көлігі аударылып қалды
26.12.2024 21:27
Фото:
ҚР ІІМ
Қатты жел Алматы-Өскемен тас жолында жүк көлігін аударып тастады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
26 желтоқсан күні шамамен сағат 16:00-де Алматы-Өскемен автожолының 939-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды: қатты желдің салдарынан MERCEDES BENZ маркалы жүк көлігі аударылды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, - делінген мәліметте.
Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
- Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз.
- Қатты жел немесе нашар көріну жағдайында жылдамдықты төмендетіңіз және мүмкіндігінше ұзақ сапардан аулақ болыңыз.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

