Алматы-Өскемен тас жолында жаяу жүргінші қаза тапты
04.07.2023 12:06
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
Жол апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Lexus ES 300 автокөлігінің қатысуымен болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, көлікті 34 жастағы ер адам басқарған, ол Алматы-Өскемен тас жолының 177 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды.
Қаза тапқан адам Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның елсіз далада түнгі трассада жүру себебін қазір полицейлер анықтап жатыр.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындала отырып, тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

