Алматы орталығында екі қабатты ғимарат бұзылып жатыр
13.08.2025 21:30
Фото:
Алматы қаласы әкімдігі
Алматыдағы Құрманғазы көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі (жеке тұлға) нысанды тиісті рұқсат құжатсыз салғаны анықталған.
Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілген. Алайда
2024 жылы 23 қыркүйекте басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу жөнінде талап-арыз түсірген. Сот талапты қанағаттандырды.
Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Сот шешімін орындау мақсатында нысан иесі ғимаратты өзі бұза бастады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

