Алматы облысының тұрғынынан 24 келіден астам мефедрон табылды
11.02.2025 14:08
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері синтетикалық есірткінің өңірлерге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Алматы облысында есірткі заттарының заңсыз айналымын ұйымдастыруға қатысы бар екі күдікті ұсталды.
36 жастағы азаматтың үйінің сарайын тінту барысында 24 келіден астам мефедрон салынған қаптар табылды. Бұл препараттың мөлшері 72 мың бір реттік дозаға тең. Сонымен қатар 41 жастағы ұсталған адамнан белгісіз тапанша табылып, тәркіленді. Күдікті адамдар ұсталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

