Жаңалықтар

Алматы облысының су қоймаларына 63%-ға артық су жиналды

Алматы облысының су қоймаларына 63%-ға артық су жиналды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 11.06.2024 20:11 459

Алматы облысының Бартоғай және Күрті су қоймаларына өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 63%-ға артық су жиналды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазсушар» мекемесінің Қонаев атындағы «Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры Мейрам Арыстанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, биыл жауын-шашынның көп түсуіне байланысты сәуір-мамыр айларында Бартоғай және Күрті су қоймаларына су ағыны ұлғайды.

Бүгінгі таңда Бартоғай су қоймасына 278,9 млн текше метр су жиналды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 95,9 млн текше метрге немесе 52,4%-ға артық. Күрті су қоймасына 109,75 млн текше метр жиналды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 46,5 млн текше метрге немесе 73,4%-ға артық. Осылайша, екі су қоймасында 2023 жылмен салыстырғанда орта есеппен 62,9%-ға көп су жиналды, - делінген мәліметте.

Бүгінгі таңда филиал шаруалармен 460 млн текше метр су беру жөнінде 1600 келісімшарт жасаған. 2024 жылдың суару кезеңінде 50 мың гектар ауылшаруашылық алқабын суару үшін 500 миллион текш метр су беру жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға