Жаңалықтар

Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханасын жойды

Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханасын жойды
Фото: polisia.kz 27.12.2022 17:06 1255

Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz.

22 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға Қарашығыл аңшылық шаруашылығының қорықшыларынан Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылының шетінен күдік тудырған екі Украина Республикасының азаматы тексерілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 43 және 28 жастағы шетелдіктердің автокөліктерін тексеру орнынан алыс емес жерде тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қара түсті пакетті тапты. Ал пакет ішінен ақ түсті ұнтақ түріндегі заттары бар мөлдір полиэтилен пакеттер тәркіленді.

Бұдан әрі Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері жедел іс-шара барысында ықтимал есірткі зертханаларының екі мекенжайын анықтады. Санкцияланған тінту жүргізу кезінде аталған орыннан Украина республикасының тағы 6 азаматы ұсталды.

Сонымен қатар зертханалық жабдықтар, шыны ыдыстар мен кристалды заттары бар металл табақтар, химиялық заттар тәркіленді. Тінту кезінде шамамен 30 келі “жылдамдық” есірткі заты тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасы жүргізетін болады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабының, 3-бөлігі бойынша тіркелген. Күдіктілер қамауға алынды. Айта кету керек, жауап алу кезінде ұсталғандар осындай тыйым салынған заттарды өндіру бойынша үшінші зертхананың ашылуына дайындалғандарын жеткізген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға