Алматы облысының еріктілері қайырымдылық ісіне ат салысты
01.05.2024 23:53
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Алматы облысының волонтерлері жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, 500-ден астам ардагер мен жалғызбасты қарттарға барып, үйлерін қалпына келтіруге және абаттандыруға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Игі істер акциясын жалғастыру барысында, облыстық Ассамблея жастары әлі де су тасқынымен күресіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысына 25 тонна гуманитарлық көмек және құрылыс материалдарын жолдады. Бұған дейін Алматы облысы зардап шеккен өңірлерге 300 тоннадан астам көмек жіберген болатын.
«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында өңірлерде «Таза Қазақстан» акциясына 5000 волонтер жиналып, жалғызбасты зейнеткерлерге үй қызметіне көмектесіп, ауласын тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

