Жаңалықтар

Алматы облысының ассамблеясы Таразға ынтымақ шеруін ұйымдастырды

Алматы облысының ассамблеясы Таразға ынтымақ шеруін ұйымдастырды
16.10.2018 06:01 2546

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының аясында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатындағы Ынтымақ шеруі шарасы өтті.

Аталған шараны Алматы және Жамбыл облыстары Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылықтары, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ        ұйымдастырды.

Ынтымақ шеруінің басты мақсаты – халқымыздың бірлігін, қоғамдық және этносаралық татулық пен мәдениетті нығайту, аймақтық ассамблеялар арасындағы байланыстарды өркендету.

Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясының шеруі 2012 жылы еліміздің шығысында бастау алған болатын. Игілігі мол мега-жоба еліміздің барлық өңірлерін аралап Жамбыл облысында жалғасын тапты.

Шара барысында Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясынан келген делегация мүшелері «Көне Тараз тарихи-мәдени» орталғы мен өңірлік сәні мен сәулеті үйлескен Достық үйі ғимаратында экскурсия жасап, тарихтан сыр шертер тың дүниелермен танысты.

Ынтымақ шеруін Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай кіріспе сөзімен ашты.

Ынтымақ шеруі мега-жобасы барысында Алматы және Жамбыл облыстарының өнерпаздары концерт қойды. Мұнда «Талдықорған  әуендері» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншілері, «Болашақ» вокалдық триосы өз өнерлерін көрсетті.

Ынтымақ шеруінің соңы Тараз қаласындағы  Тектұрмас,  Айша бибі, Қарахан баба кесенелері, Тәуелсіздік монументі, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Керей мен Жәнібек ескерткіштері сынды тарихи – мәдени жерлерді аралап, танысумен аяқталды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға