Жаңалықтар

Алматы облысындағы колония басшысының орынбасары ұсталды

Алматы облысындағы колония басшысының орынбасары ұсталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.11.2024 11:38 447

Алматыда Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекеме басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ресми түсінік берді.

2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының Алматы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының №14 мекемесі басшысының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға