Жаңалықтар

Алматы облысындағы егіс алқаптарына су үнемдейтін технологиялар енгізіледі

Алматы облысындағы егіс алқаптарына су үнемдейтін технологиялар енгізіледі
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 02.02.2024 02:10 681

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысындағы ирригация желілерін модернизациялау барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, өңірде 2030 жылдың соңына дейін егіс алқаптарының жалпы көлемінің 67,3%-на су үнемдейтін технологияларды енгізу жоспарланып отыр. Бұл 186,6 мың гектар.

Аралық мақсат - 90 мың гектар алқапқа су үнемдейтін суару жүйесін енгізу. Министрлік бұл нәтижеге 2027 жылға қарай қол жеткізуге ниетті.

Суды неғұрлым ұқыпты пайдалану үшін біз фермерлердің су үнемдейтін технологияларды енгізуін белсенді қолдаймыз. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп суару жүйелерін құруға және тамшылатып немесе жаңбырлатып суару (егістікке су жеткізудің үнемді жүйелерін) жабдықтарын сатып алу шығындарын субсидиялауды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. 50% жеткілікті деген пікірлер болды. Бірақ біз су үнемдеу технологияларын енгізуді кейінге қалдыруға болмайды деп санаймыз. Сол себепті субсидия мөлшерін 80% көбейту жоспарда бар, - деді Нұржігітов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға