Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан 5 адам көз жұмды
Алматы облысы Жамбыл ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы 5 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы жағдай Алматы-Бішкек автожолының 43-ші шақырымында болған.
37 жастағы әйел "Хюндай" автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1987 жылғы О. есімді азаматтың басқаруындағы автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы, сондай-ақ бір автобус жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, - делінген Ішкі істер ведомствосының телеграм-арнасында жарияланған ақпаратта.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді.
Қазіргі уақытта осы ЖКО-ның барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.