Алматы облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
23.03.2024 17:26
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Алматы облысына жол апаты кезінде 3 адам қайтыс болды. Оқиға бүгін 23 наурызда сағат 14:45 шамасында облыс аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 2460 шақырымында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәліметке сәйкес, «Daewoo» көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Содан «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апатынан 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Оқиға орнында тиісті жол белгілері орнатылды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұжымы қаза болған азаматтардың жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Оқи отырыңыз:
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

