Жаңалықтар

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі екі адамды қағып кетті

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі екі адамды қағып кетті
Фото: El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 13.09.2024 12:57 475

Алматы облысы Есік қаласында жедел жәрдем көлігі екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

12 қыркүйек күні Алтын Адам аллеясы көшесімен жүріп келе жатқан жедел медициналық жәрдем жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен екі қызды қағып кеткен. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі қыз да амбулаториялық емделуге жіберілді, - делінген хабарламада.

Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға