Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды
29.10.2024 17:26
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Алматы облысының Алматы – Бішкек тас жолында жүк көлігі мен минивэн соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің сөзінше, Howo жүк көлігі Бішкекке қарай, ал Toyota Previa минивэні соған қарсы бағытта келе жатқан. Автожолдың 128-шақырымында минивэн жүргізушісі басып озу үшін қарсы жолаққа шыққан. Өкінішке қарай, ол қарсы бетте көлік келе жатқанын көрген соң, өз жолағына оралудың орнына тежегішті басқан.
Жүк көлігінің жүргізушісі де қарсы келе жатқан көлікті байқап тежегішті басқан, алайда ол басқа жолаққа ауыса алмаған, себебі сол жол бөлігінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен.
Салдарынан екі көлік соқтығысп, Toyota Previa жүргізушісі мен жолаушысы көліктің алдыңғы әйнегінен ұшып кеткен. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

