Жаңалықтар

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Фото: © iStock 24.04.2023 20:08 1168

Алматы облысындағы тасжолда екі көлік бетпе-бет соғысып, салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 23 сәуірде сағат 20:40 шамасында болған.

Mazda автокөлігінің жүргізушісі, Ұйғыр ауданының 47 жастағы тұрғыны Жапек батыр - Комсомол автожолынан кейін 2-ші шақырымда келе жатып қарсы жолаққа шығып кеткен, салдарынан 1991 жылы туған азаматтың басқаруындағы Opel көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлады полиция өкілдері.

Апат салдарынан Mazda жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Ал Opel жүргізушісі мен әртүрлі дене жарақатын алған үш жолаушы Іле ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға