видеодан алынған кадр

Алматы облысында цехта жарылыстан зардап шеккендердің барлығы қаза тапты

28.05.2025 12:30

Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылындағы ұн өнімдерін өндіретін цех аумағында болған жарылыс кезінде зардап шеккен адамдар ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға 23 мамырда болған еді. Сол кезде бір адамның қаза тауып, төртеуі ауыр жараланғаны хабарланған. Олардың денесінің 80-90 пайызы күйіп, жансақтау бөліміне жеткізілген болатын.

28 мамырда зардап шеккендердің барлығы алған жарақаттарынан қайтыс болды.

23 мамырда болған қайғылы оқиға салдарынан әріптестеріміздің қаза тапқаны туралы ауыр күйзеліспен, қайғыра отырып хабарлаймыз, - делінген хабарламада.