Алматы облысында теміржолдан ер адамның денесі табылды: күдікті ұсталды
Мөлдір Қайнар тілші
Алматы облысында теміржол бойында адамның жансыз денесінің табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды,
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 49 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын объективті түрде тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу жүргізіліп жатыр, - деп пікір білдірді департаменттегілер.
Бұған дейін теміржолда ер адамның өлі денесі табылғанын хабарлаған едік.

