Жаңалықтар

Алматы облысында шаруаларға берілген 4,8 миллиард теңге ұрланған

Алматы облысында шаруаларға берілген 4,8 миллиард теңге ұрланған
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 09.07.2024 13:52 464

Алматы облысында шаруаларға берілген 4,8 миллиард теңгенің ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша шығынды өтеу процесі басталып, бюджетке 110 млн теңге қайтарылды.

Алматы облысының прокуратурасы таратқан хабарламада ауылдардағы әлеуметтік-өндірістік кооперативтер асыл тұқымды жануарларды алу мақсатында селекциялық жұмыстарға арналған 1,2 млрд теңге субсидияны ұрлағаны айтылады.

Іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмай, құжаттар ресми түрде ресімделіп, облыста асыл тұқымды мал саны ұлғайтылмаған. Облыс әкімдігінің есептік деректері бойынша, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қағаз жүзінде асыл тұқымды қой басы 4 жылда 1,9 миллионға дейін ұлғайтылғаны туралы дерек жалған болып шығып, шын мәнінде небәрі 367 мың бас екені белгілі болды, – делінген хабарламада.

Алматы облысы Ұйғыр ауданында тіркелген жануарлар жоқ болса да, 2023 жылы селекциялық жұмыстарды жүргізгені үшін 45,2 млн теңге сомасына субсидия алған. Субсидия алған кезде бұл кооператив өзінің жеке шаруашылығы ретінде Ұйғыр ауданының тұрғындарына тиесілі ауылшаруашылық жануарларын тіркеген.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға