Жаңалықтар

Алматы облысында саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Алматы облысында саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
03.06.2019 12:15 3637

Алматы облысын Талғар ауданының Жаңалық ауылында Саяси қуғын  сүргін  құрбандарын  еске алуға арналған митинг өтті.

Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қуғын сүргін құрбандарын еске алу күнін арнайы шаралармен атап өтіп келеді.

Биыл Алматы облысында  құрбандарды еске алу мақсатында 30 көлемді іс-шара ұйымдастырылып, оған 7000-ға жуық облыс тұрғыны қатысты.

Аталған шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Абдуалиев, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, Ассамблея мүшелері,  үкіметтік емес ұйымдар, Аналар, қоғамдық келісім кеңестері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және жастар қатысты.

Митингке қатысушылар монументке гүл шоқтарын қойып, Талғар аудандық мешітінің бас имамы жазықсыз қаза болған жандарға құран бағыштады. 

IMG_4131.JPG

Шара соңында келген адамдарға арнай дастархан жайылып үлкен ас берілді.

Айта кетсек, осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы, дейді шараны ұйымдастырушылар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға