Жаңалықтар

Алматы облысында рұқсатсыз салынып жатқан 19 нысан анықталды

Алматы облысында рұқсатсыз салынып жатқан 19 нысан анықталды
25.11.2023 11:22 633

Алматы облысының прокурорлары облыс аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің және коммерциялық объектілердің құрылысына талдау жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талдау нәтижелері бойынша құрылыс нормалары мен ережелерінің көптеген бұзушылықтары анықталып отыр. Мәселен, 19 нысан бойынша қабылданған шаралармен (Қонаев қ. 11, Қарасай ауданында 5, Талғар ауданында 3) заңсыз алынған бастапқы материалдар (ЭҮ ТУ АПЗ) кері қайтарылды, яғни құрылыс басталғанға дейін процесс тоқтатылған. 

КТК заңсыз құрылысының басталу деректері бойынша құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды және уәкілетті орган рұқсат құжаттарын алу жолымен бар бұзушылықтарды жоюға бағытталған жұмыс жүргізіп жатыр. 

Мысалы, құрылыс салушы Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы өзен арнасын заңсыз өзгертіп, «Orda Town» КТК құрылысын бастады.

Қабылданған шаралар бойынша уәкілетті орган құрылысты тоқтатты, сотта заңсыз құрылысты бұзу туралы талап-арыз қаралады.

Басқа жағдайда Талғар ауданында құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ 21 коммерциялық нысан анықталды.

Енгізілген акт бойынша уәкілетті орган құрылыс салушыларды тиісті жауапкершілікке тартуға және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, оның ішінде салынып жатқан объектілерді бұзу жолымен елді мекендердің құрылыс талаптары мен құрылыс салу жоспарларына сәйкес келмейтін жұмыстарды жүргізуге бағдарланған.

Мысалы, Бесағаш кентінде Алматы-Қорғас негізгі тас жолының бойында жеке тұлға сауда орталығының құрылысын бастады.

Уәкілетті органдардың мәліметтеріне сәйкес аталған құрылыс тиісті жобалау құжаттарынсыз, сондай-ақ құрылыс бақылауы саласындағы органның рұқсатынсыз басталды.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган құрылыс салушы құрылыс және рұқсат беру құжаттамасын заң нормаларына сәйкес келтіргенге дейін құрылысты тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдады. Объект қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайда аталған құрылысты бұзу мәселесі шешілетін болады.

Бұдан басқа, прокуратура актісі бойынша 3 жер учаскесінің нысаналы мақсатындағы заңсыз өзгерістерді сәйкестендіру және заңсыз берілген 48 учаскені тұрғын үй кешендерінің құрылысына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Экологиялық қорытындысыз құрылыс фактілері бойынша облыстың 3 ауданының және Қонаев қаласының 26 құрылыс салушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (9 млн.теңгеден астам айыппұл сомасы).

Аталған бұзушылықтардан басқа облыстың құрылыс салушылары уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз үлескерлердің қаражатын тартуды жалғастыруда.

Талдаумен барлығы осындай 23 тұрғын үй кешені анықталды (Қонаев қаласында 9 объект, Қарасай ауданында 5, Талғар ауданында 8, Іле ауданында 1 объект), құрылыс салушыларға қатысты сотта олардың әкімшілік жауаптылығы мәселесі қаралуда.

Аталған бұзушылықтарға назар аудара отырып, облыс прокуратурасы салынып жатқан объектіден тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтарға «үлестік құрылыс туралы» заңнаманың негізгі нормалары туралы түсіндіреді.

Сонымен, құрылыс компаниясын таңдағанда бірқатар құқық белгілейтін құжаттарға назар аудару қажет. Үй салынып жатқан жер учаскесіне меншік құқығы құрылыс салушының компаниясында тіркелуі керек.

Сондай-ақ, құрылыс салушының мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы және уәкілетті органның құрылысқа рұқсаты болуы тиіс.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға