Жаңалықтар

Радиациялық, химиялық және биология қорғау мамандарымен жиын өтті

Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті мәлімдеді
Радиациялық, химиялық және биология қорғау мамандарымен жиын өтті
Фото: gov.kz 04.10.2022 16:14 1837

Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімнің  оқу орталығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің радиациялық, химиялық және биология қорғау мамандарымен және Ұлттық ұланының офицерлерімен оқу - әдістемелік жиынның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz.Бұл туралы министрліктің ресми сайты мәлімдеді.

Оқу-әдістемелік жиынның негізгі мақсаты офицерлердің кәсіби даярлығын жетілдіру, күштер мен құралдардың үйлесімділігін арттыру, радиациялық, химиялық және биология қорғау қорғау қызметінің мамандары арасында тәжірибе алмасу болып табылады.

Аталған жиын барысында тәжірибелік және әдістемелік сабақтар өткізіледі, радиациялық, химиялық және  биология қорғау жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

Оқу-әдістемелік жиын барысында атом саласы және эпидемияға қарсы бақылау мамандарын шақыра отырып, қауіпті өндірістік объектінің бірінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығу, практикалық сабақтар өткізілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға