Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін
01.01.2025 15:31
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Алматы облысының таулы аймақтарында 1-2 қаңтар күндері қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, туристерді және демалушыларды таулы аймақтардағы қар басқан беткейлерге шықпауға шақырды.
Құрметті азаматтар, қар көшкінін тудыру қаупін болдырмау үшін тауға бармаңыздар, сондай-ақ тау жағдайында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыздар, – делінген Алматы облысы ТЖД хабарламасында.
Алматы облысында 55 көшкін қаупі жоғары аймақ бар. Олар негізінен Іле Алатауының оңтүстік беткейінде, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарының аумағында орналасқан. Қар көшкіндері көбіне ауа температурасының жоғарылауы және қар мен жаңбыр түрінде көп мөлшерде жауын-шашын түсуінен болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

